31 қазан Алкоголь тұтынудан бас тарту күніне орайластырылған ұлттық бағдарлама бойынша №7 қалалық емханасының, сала мамандарының бірігіп,үйлесімді атқарған іс- шаралар ақпараттары. Сөс нұсқаушысы Расмамбетова.Р. психолог мамандары Касенова.Л.Е.Нуржанова.С.Е. емханамызға қарасты №62, №60, №22 орта мектептерінде болып, Алкоголь тұтынудың ағзаға тигізетін зияндылығына қатысты бейнеролик көрсетіп,аталған тақырыпқа сай семинар- тренинг жүргізіп өтті. Кардиолог Умарова.Г.М. және Отбасылық денсаулық бөлімінің дәрігері Мележикова.М.В. емделушілер мен тұрғындар арасында ,ішімділік қабылдаудың қауіптілігі тақырыбында,әңгімелер жүргізіп өтті.Ақпараттық- ағартушылық құралдары таратылды.