Бүгін біздің 7 Қалалық емханасында иммундау және вакцинация жүйесін нығайту бойынша жұмыс аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өкілдері болды.
Кездесу барысында мыналар талқыланды:
✅вакцинацияның заманауи тәсілдері;
✅халықты профилактикалық егулермен қамтуды арттыру мәселелері;
✅вакциналарды сақтау және тасымалдау жүйесін жетілдіру;
✅медициналық қызметкерлерді иммундау бойынша ДДҰ стандарттарына оқыту.
✅ДДҰ өкілдеріне біздің жұмысымызға назар аударғаны, конструктивті диалог пен аймақтағы иммундау бағдарламаларын әзірлеуге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз!
Біз бірге балаларымыздың және бүкіл Қазақстан халқының салауатты болашағына үлес қосамыз!
