16 қазан- Дүниежізілік тамақтану( азық-түлік) күніне орайластырылған ұлттық бағдарлама аясында ,нөмері 7 қалалық емханасында,бір қатар іс- шаралар ұйымдастырылып,өткізілді.Болашақ аналарға ( жүкті) дәрумендер тобы мен оның ағзаға әкелетін пайдасы жөнінде дәрістемелер жүргізілді. Қызметкерлер арасында ДДҰ- ның үйлесімді тамақтану жөніндегі 12 қағидасы жайында семинар өткізілді.Бүлдіршіндер арасында түрлі-түсті( көкөністер пішінінде) жасалған,танымдық ,ойындар жүргізілді.

