Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз енбек өтіліне қарай 40 пайызга дейін арттыру жөнінде берген тапсырмасы алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесі үшін маңызды қадам деп санаймын.
Емхана жумысының нәтижесі ең алдымен халықпен тікелей байланыста енбек ететін мамандардың кәсібилігіне байланысты. Учаскелік дерігер мен мейіргер тұргындардың денсаулғын жүйелі бақылап, аурулардың, алдын алу, дертті ерте анықтау және емделушілерді уақтылы тиісті мамандарға бағыттау ісінде маңызды рөл атқарады.
Мұндай жұмыс терең білімді ғана емес, тәжірибені, жауапкершілікті және әр пациентке мұқият қарауды талап етеді.
Сондықтан мамандардың еңбек өтіліне қарай қосымша ақы төлеу тетігі кадр тұрактылығын ныгайтуга ықпал ететін қолдау шараларының бірі болмақ. Ұзак, жылдар бойы жинақталған тәжірибе медициналық көмектің сабақтастығын сақтауга, пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатуга және профилактикалық, жұмыстың нәтижелілігін арттыруга мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылтан бұл бастама медицина қызметкерлеріне көрсетілген қолдаумен шектелмейді. Оның түпкі мәні — халыққа медициналық, көмекті жақсарту, тәжірибелі кадрларды сақтау және алгашқы медициналық көмектін мүмкіндігін кеңейту. Осы міндеттерді жүзеге асыруда емхана ұжымының кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі шешуші рөл атқарады.
7-қалалық емханасының бас дәрігері Әлия Шатаева