Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек.
МӘМС-ке жарна төлеуден кімдер босатылған
1) 18 жасқа дейінгі балалар.
2) Жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар.
3) Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер.
4) Үш жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін тұлға.
5) Мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар.
6) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар.
7) Мүгедектігі бар адамдар.
Сонымен қатар Медициналық сақтандыру қорының ресми сайты, «1414» байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot сияқты құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді.