Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) — әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқылы — «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленген, сондай-ақ Қорға жарналар төлеуден босатылған тұлғалар.
МӘМС принциптеріне негізделеді:
1) Қазақстан Республикасының МӘМС туралы заңнамасын сақтау және орындау;
2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу міндеттілігі;
3) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі;
4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы;
5) қор активтерін тек МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге ғана пайдалану;
6) қор қызметінің жариялылығы.
МӘМС жүйесінің қатысушылары:
1) төлеушілер;
2) медициналық қызметтерді тұтынушылар;
3) денсаулық сақтау субъектілері;
4) уәкілетті орган;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
6) қор;
7) Мемлекеттік корпорация;
8) өзге де уәкілетті органдар.