№7 Қалалық емханамыздың кәсіподақ ұйымының жылдағы дәстүр бойынша Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласындағы еңбек еткен ,бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагерлерді, 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Қарияларға жылы лебіздермен қоса, арнайы сыйлықтар мен мараптаттар табысталды.
Емханамыздың мейіргерлері Есембаева С.Е. емханамызда еңбек өтілі 41 жыл және Биненова С.Б. еңбек өтілі 26 жыл еңбек сіңірген ардақты ардагерлері.
Құрметті ардагерлер! Сіздерді 1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың орны біз үшін бөлек. Жас ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым — парасаттың үлгісін танытудан жалықпаңыздар. Алдымызда өміріміздің бағдаршамы болып, аман-есен жүріңіздер.
Құрметпен, №7 Қалалық емхананың кәсіподақ ұйымы!
