Баланың алты айга толуы — оның, тамақтану тәртібіндегі маңызды кезең. Бұл уакытта ана сутімен қоректендіруді жалғастыра отырып, қосымша тағамды біртіндеп енгізу қажет. Оның дұрыс ұйымдастырылуы баланың өсуі мен дамуына ықпал етеді.

Осыган орай Nº7 қалалық емханасының дәрігер-педиатры Айнель Ғабитқызы мен балаларды дамыту бөлімшесінің, медбикесі Каримбаева М.С. алты айдан асқан балалардың аналарына ақпараттық-түсіндіру жұмысын жургізді.

Кездесуде мамандар қосымша тагамды уакытылы енгізу, құнарлы өнімдерді таңдау, тағамның мөлшері мен қоюлығын баланың жасына сейкестендіру, сондай-ақ оны қауіпсіз дайындау жөнінде кеңес берді. Жаңа өнімдерді біртіндеп ұсынып, баланың, реакциясын бақылау қажеттігі де түсіндірілді.

Сонымен қатар бір жасқа дейінгі балаларга бал беруге болмайтыны, тағамға тұз бен қант қосудан
бас тарту керектігі ескертілді. Мамандардың айтуынша, баланың, тамақтану дағдысын ерте жастан дұрыс қалыптастыру — оның денсаулыгына жасалган маңызды қадам. Сондықтан ата-ананың дұрыс тамактану қағидаларын білуі және дәрігер ұсынымдарын ұстануы айрықша мәнге ие.