№7 қалалық емхана ұжымы ардагерлерге құрмет көрсетті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай №7 қалалық емханасының кәсіподақ ұйымы мен ұжымы денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, емхана жұмысының қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлесін қосқан ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, мерекелік құрмет көрсетті.

Ақжарма тілектер айтылып, сый-сияпат табысталған жылы жүздесуде өткен жылдар еске алынып, денсаулық сақтау саласындағы еңбек жолы мен әріптестері туралы естеліктер айтылды. Еңбекпен өрілген жылдардың әр күні – кейінгі буын үшін тағылым, ал жинақталған мол тәжірибе – ұрпаққа аманат.

Ардагерлер – саланың шежіресін қалыптастырған аға буын. Олардың кәсіби жолы мен адамға деген жанашырлығы, өз ісіне деген жауапкершілігі бүгінгі медицина мамандарына үлгі болып келеді.

Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Еңбектің зейнетін көріп, ұрпақтың қызығына кенеліп, кейінгі буынның құрметі мен ықыласына бөлене беріңіздер. Әр күндеріңіз қуанышқа, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!