Құрметті отандастар!
Баршаңызды ұлы мереке – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының бастауы, халқымыздың азаттығы мен егемендігін айқындайтын тарихи белес. Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын, елдік пен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың мерекесі.
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды.