Бүгін №7 қалалық емханада туберкулездің алдын алу бағытындағы жұмыстардың ұйымдастырылуы мен орындалу барысына мониторинг жүргізілді.
Тексеруді Мониторинг және бағалау тобының жетекшісі А.К. Омарбекова, фтизиатрлар М.В. Ким мен А.С. Бекпенбетова жүргізді.
Онда емханадағы туберкулездің алдын алу шараларының орындалуы, ауруды ерте анықтау және профилактикалық жұмыстардың ұйымдастырылуы назарға алынды. Сонымен қатар осы бағыттағы медициналық қызметтің жүргізілу барысы бағаланды.
Туберкулезбен күресте ауруды ерте анықтау мен алдын алу шараларын жүйелі жүргізудің маңызы зор. Бұл бағыттағы жұмыстың сапалы ұйымдастырылуы аурудың таралу қаупін азайтып, халық денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.