«Денсаулық сақтау ісіне үлес қосқаны үшін»

Емханамыздың балалар дәрігері Жақсылықова Лиза Рахимқызы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінінен “ Денсаулық сақтау ісіне үлес қосқаны үшін “ 🎖️ төсбелгісімен марапатталды.

ХАБАРЛАМА

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Тараз қаласы #7 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын комплеанс қызметі 2025 жылдың науырыз айының 17 жұлдызы мен сәүір айының 17 жұлдызы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері талқыланатынын Тараз қаласы #7 қалалық емханасының акт залы, 21 сәүір , 2025 жыл, сағат 15:00-де.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

2025 жылдың 17 наурызда №7 қалалық емханада “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында қызметкерлер арасында жиын өткізілді.Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпаратпен таныстырылып,видеоматериалдар көрсетілді.

Кепілдендірілген медициналық көмек

Қазақстанның әр азаматы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) алуға құқылы. Бұл туралы бүгін e-gov үкіметтік порталы хабарлады. Ол кімдерге беріледі? Және оны қалай алуға болады? Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен оралмандарға беріледі. Тегін медициналық көмек бюджет есебінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады. Қазақстандағы денсаулық сақтау республикалық […]

“Үздік бастауыш партия”

“Аманат” партиясы Жамбыл облыстық филиалының БПҰ “Үздік бастауыш партия” байқауына №7 қалалық емхананың БПҰ -ның төрағасының орынбасары Сексенбаева Қ.А. қатысып, партия ұйымының 2023-2024 жылдар бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

МӘМС -ТЕГІ ӨЗ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ТЕКСЕРІҢІЗ

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады. ✅ Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы. Ол үшін мәзірде «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, ЖСН енгізу қажет. Сол кезде мәртебе және алдыңғы 12 айдағы төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады.Қосымшаны PlayMarket және AppStore-дан жүктеуге болады ✅ Телеграмм-бот @SaqtandyryBot. Шағын бағдарламаны іске қосу үшін сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot […]

Медициналық көмектің сапасын арттыру

№7 қалалық емханасының тұрғындары,емхана жұмысына баға беру мақсатында,Жамбыл облысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұсынған сауалнамасын толтырып,электронды түрде қордың ресми парақшасына жіберді. Басты мақсат:емхана тұрғындарымен тығыз-қарым-қатынас жасау арқылы пациенттерді қолдау қызметі арқылы медициналық көмектің сапасын жоғарлату.

Хабарландыру

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №7 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы бақылау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға конкурс жариялайды Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Конкурстық комиссия (бұдан әрі — Комиссия) «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №7 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы бақылау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға […]